Жүнді
БағытыҰҚМ
Жануардың түріЗабайкалье биязы жүнді
Тұқымның атауыЗабайкалье биязы жүнді қой тұқымы 1956 жылы ресми түрде бекітілді. Өсірілген жері – КСРО Чита облысының Борзин ауданы. Тұқымның негі жергілікті және қылщық жүнді құйрықты бурят қойларынан тұрды. Олардың саулықтарын биязы жүнді тұқымдармен: Новокавказ, Грозный және Алтай қошқарларымен будандастырған. Селекционерлердің мақсаты төмен температураға, аязға, жыл бойы жайылымға және тебіндеп азықтануға бейімделген жергілікті тұқымды өсіру болды. Негізгі асыл тұқымды отар Ресей Федерациясының Чита облысында, сонымен қатар тұқым Башқұртстанда, Бурятияда және Иркутск облысында кең таралған. Тұқымның құнды қасиеттері асыл тұқымды отар санының өсірілген сәттен бастап 1,7 есе өсуіне әкелді. Мәселен, 1990 жылы Ресейде Забайкалье биязы жүнді қойларының саны 3,5 млн, соның 83%-ы таза тұқымды болды.
Забайкалье биязы жүнді қойларының үлкендігі орташа (қошқарларының салмағы 110 кг-нан, саулықтарының салмағы 55 кг-нан басталады), дене бітімі - мығым. Дене бітімі пропорционал, келіскен. Қаңқасы жақсы дамыған. Терісі аз қатпарлы, ұсақ әжімді. Кеудесі жақсы дамыған. Арқасы жағы түзу, орташа, құйымшағы кең. Аяқтары мықты, дұрыс түзілген. Қошқарлардың мойнында 1-2 қатпардан, саулықтарда – бойлық қатпар немесе «алжапқышы» бар. Қошқарлардың мүйізі бар, саулықтары мүйізсіз. Шайыры ақ түсті, жүні тығыз, ақ, ұзындығы 9 см-ге дейін. Басын көз сызығына дейін, аяқтарын толарсақ буынға дейін жүн басқан.
Жүн қырқымы қошқарлардан 10 кг-ға дейін, саулықтардан – 4-4,5 кг дейін. Жіңішкелік сапасы – 60-64. Біркелкілігі ұзындығы бойынша да, жіңішкелігі бойынша да қанағаттанарлық. Жүнінің тығыздықтағы орташа, құрылымы ұсақ шаршы штапельді. Жүннің бұралаңдығы дұрыс, үлкен бұйралары бар. Таза жүннің өнімділігі 50-55 % құрайды. Саулықтардың өсімталдығы қанағаттанарлық, 110-130% құрайды. Жыл бойына жайылымдық күтімде Забайкальенің қатал ауа-райы жағдайларына бейімделген. Забайкалье жіңішке жүнді қой тұқымының артықшылығы: аязға және төмен температураға жақсы төзеді, жыл бойына жайылымда бағуға, тебіндеуге бейімделген, қырқу кезінде таза жүннің шығуы жақсы, өсімталдығы қанағаттанарлық. Тұқымның кемшіліктері: жүнінің тығыздығы қанағаттанарлықсыз, әсіресе асыл тұқымды емес отарларда, ішінің жүнділігі әлсіз, жіңішкелігі бойынша жүні нашар теңестірілген, жүнінің штапельдік ұштары құрғақ, жүн шайыры жетіспейді.
Дегерес қой тұқымы (Degeres), Асканиялық қой тұқымы (Ascanian).