Алтын түстес Главкот (Golden Glavkot)

Қоян Алтын Главкот Бағалы терілі

Қоян

Жануардың түрі

Алтын Главкот

Тұқымның атауы

Бағалы терілі

Бағыты
0  
Алтын түстес Главкот (Golden Glavkot)
rabbit-poroda-Golden-Glavkot

Тарихы

Главкоттар Англияда тығыз алтын түстес жүн үшін өсірілді, бірақ олардың шығу тегі туралы ақпарат өте түсініксіз. Олардың түсінің бірнеше формасы болған – алтын, күміс және көгілдір. Тұқымның бастапқы нұсқасы мүлдем жоғалып кеткен. 1960 жылдары Ұлыбританиядан шыққан Айронс есімді қоян асыраушы жойылып кеткен тұқымды қайта жандандыру бойынша шешім қабылдады. Осы мақсатта ол қоңыр Беверн мен сирек кездесетін Сібір қояндарын, сондай-ақ Гаваналарды юудандастыруға кірісті. Мейлінше күрделі жұмыс 15 жылдан астам уақытты алды және алғашқы қояндары 1976 жылы ағылшынның Донкастер қаласында өткен көрмеде көрсетілді. Нәтиже Браун ханымды қызықтырды, ол тұқымға қызығушылық танытты және оның күш-жігерінің арқасында тұқымға жабайы қояндардың қаны қосылды, бұл алтын түстес Главкоттарды қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Қалған екі нұсқа – күміс және көгілдір қояндар әзірге әзірлену сатысында және өздерінің мойындалуын күтуде.

Тұқым стандарты

Салмағы 2,3‒2,7 кг болатын кішкентай қоян шағын қояндар санатына жатады. Тұрпатының түрі – жартылай доғалы (мандолина тәрізді), арқасы тегіс және сауыры жинақы. Ұзынша басы өте қысқа монында төмен орналасқан. Құлақтары тігінен орналасқан, басы мен денесіне пропорционал, жалпақ, ұштары дөңгелектелген. Аяқтары түзу және жіңішке, құйрығы тегіс. Флайбэк түріндегі қысқа, қалың жүні өте тығыз және тегіс. Түпнұсқалық түсі алтын бурыл деп аталады, бұл ретте жүннің негізгі қоңыр түсі анағұрлым ашық жүн талшықтарымен кезектесіп орналасады, түктерінің ұштары алтын түстес. Түбіт жүні қошқыл көгілдір. Мұндай қосылыс керемет құбылмалы эффект береді, ол әсіресе жарықта ерекше әдемі көрінеді. Түсі біркелкі емес – кеудесі, төсі, мойны және бүйірлері едәуір ашық түсті.

Шаруашылық сипаттамасы

Алтын Главкот асырайтын біршама қоян асыраушылар оларды сабырлы және мейірімді үй жануарлары ретінде сипаттайды. Жас кезінен бастап адамға үйретілген қояндар үйірсек болып өседі және оларды сипап, жұлқылағанды жақсы көреді. Барлық қояндар сияқты, Главкоттар ыңғайсыз жағдайға түскенде немесе кенет дыбысты естігенде қорқады және өздерін олжа ретінде сезіне бастайды. Сондықтан, шошытатын жағдайларды болдырмай, оларды бір қалыппен және сабырлы түрде ұстау керек. Тұқым өкілдері нәзік және осал болып саналады, бірақ сонымен бірге олар едәуір мықты және қолдан қашып шықпақ болып, өздерін немесе адамды зақымдауы мүмкін.

Ұқсас тұқымдар

Гималайлық (Himalayan)

Жүктелуде...
Біздің серіктестер