Дақыл:
КүнбағысӨндіруші:
Euralis SemencesCreated by CMS:
Масличная группаАудандастыру өңірлері:
АбайПісіп-жетілу тобы:
Среднеранний
"ЕС ЦЕЙЛОН СУ" күнбағыс сұрпын Еuralis Semences компаниясының француз селекционерлері өсірді.
Шығу тегі
"ЕС ЦЕЙЛОН СУ" сұрпы будандастыру әдісімен жасалған, F7AX2MJSA x R4NA1MJS.
Сипаттамасы
"ЕС ЦЕЙЛОН СУ" күнбағыс сұрпы орташа ерте сұрып. Өсімдіктің биіктігі 96 см.
Апробациялық белгілер
Жапырағы кең үшбұрышты, орташа өлшемді. Себетшелері жартылай төмен қарай бұрылған, тік, үлкен сабағы бар. Тұқымдар орташа, тар жұмыртқа тәрізді, қара.
"ЕС ЦЕЙЛОН СУ" күнбағыс сұрпының өнімділігі
Абай облысы бойынша будан 2021 жылдан бастап Новопокровка астық МСУ-де сыналды. Орташа өнімділік 6,3 ц/га құрады (стандарт 5,3 ц/га) 1 ц/га немесе 18,9% артық. Ең жоғары өнімділік 2021 жылы – 7 ц/га құрады.
Аурулар мен климаттық жағдайларға төзімділік
"ЕС ЦЕЙЛОН СУ" күнбағыс сұрпының төгілуге, жапырылуға және құрғақшылыққа төзімділігі 5 балл.
Сапалық көрсеткіштер
1000 дәннің массасы 50,1 г, бір себетшеден дәннің массасы 13 г, өсімдіктің биіктігі 96 см. Майдың орташа мөлшері 40,8% құрайды (стандарт бойынша 43,7%). Майдың гектардан шығымы 226,2 кг (стандартта 203,8 кг) 22,4 кг-ға немесе 11% - ға артық.
Өндіруші/өтініш беруші
Euralis Semences
Мекенжайы
Франция, Лескар қ., Авеню Гастон Фебус 64231,
ресми сайт: https://www.euralis.fr/en/