Аудандастыру өңірлері:
Шығыс Қазақстан облысыCreated by CMS:
Шығыс Қазақстан облысыДақыл:
КүнбағысӨндіруші:
Euralis SemencesCreated by CMS:
Масличная группаПісіп-жетілу тобы:
Ерте пісетін
"ЕС Белла" күнбағыс сұрпын Еuralis Semences компаниясының француз селекционерлері өсірді.
"ЕО Белла" буданы СОЛФ 2615 А (SOLF2615A) аналық линиясы мен Р 890 ЖП (R890JP) аталық линиясын шағылыстыру арқылы жасалған.
Сипаттамасы
"ЕО Белла" күнбағыс сұрпы ерте піседі.
Апробациялық белгілер
Жапырағы ойыс. Себетшесі қатты дөңес, иілген сабағымен төмен қарай бұрылған, сары-қызғылт сары түсті. Дәндері қара түсті.
"ЕС Белла" күнбағыс сұрпының өнімділігі
Сынақ 2018 жылдан бастап Зырян (таулы орманды дала аймағы) және Шемонаиха (тау бөктеріндегі дала аймағы) МСУ-де өтті. Орташа өнімділік 31,9 ц/га құрады (стандарт 26 ц/га) 5 ц/га немесе 19% - ға артық. Ең жоғары өнімділік 2019 жылы алынды – Шемонаиха МСУ-де 47,3 ц/га.
Аурулар мен климаттық жағдайларға төзімділік
ЕС Белла күнбағыс сұрпының төгілуге, жапырылуға және құрғақшылыққа төзімділігі 5 балл.
Сапалық көрсеткіштер
1000 дәннің массасы 60 гр, бір себетшеден алынған дәннің массасы 80 гр. Майдың орташа мөлшері 42% (стандарт 41,9%). Майдың гектардан шығуы 1179 кг (стандарт 959 кг) 220 кг-ға немесе 23%-ға артық.
Өндіруші/өтініш беруші
Euralis Semences
Мекенжайы
Франция, Лескар қ., Авеню Гастон Фебус 64231,
ресми сайт: https://www.euralis.fr/en/