Өндіруші:
Euralis SemencesАудандастыру өңірлері:
АлматыCreated by CMS:
Жемшөп дақылДақыл:
ҚұмайПісіп-жетілу тобы:
Ерте пісетін"Арморик" құмай сұрпын Euralis Semences компаниясының француз селекционерлері өсірді.
Шығу тегі
"Арморик" құмай сұрпы будандастыру әдісімен алынған, аналық желісі EUF0005 A x аталық желісі RM222
Сипаттамасы
Ерте пісетін будан, вегетациялық кезең - 100-110 күн. Пайдалану бағыты - астық.
Апробациялық белгілер
Өсімдіктердің биіктігі 102 см. Сіпсебасы - тұтас, сіпсебасының ұзындығы - 30 см. Бұтаның пішіні тік өсетін.
"Арморик" құмай сұрпының өнімділігі
Алматы облысы бойынша үш жыл бойы Сарқан МСУ (тау бөктері) тәлімі жерде сыналды. Тұқымның орташа өнімділігі 60,4 ц/га (стандарт 53 ц/га) 7,4 ц/га немесе 14% артық.
Аурулар мен климаттық жағдайларға төзімділік
Жапырылуға төзімділік 5 балл, төгілуге 4,5 балл. Құрғақшылыққа төзімділік 5 балл. Аурулар мен зиянкестерге төзімділік - 5 балл.
Сапалық көрсеткіштер
1000 дәннің массасы 17,8 г. Ақуыз мөлшері 10,4%, крахмал 72,9%, май 4,3%.
Өндіруші/өтініш беруші
Мекенжайы
Астана қ., Есіл ауданы Е 251 көшесі 11 ғимарат,
Тел.+7 (7172) 257000, 257777, + 7 (7172) 25-70-00, +7 701 7458836,
e-mail: kazniizr@mail.ru