Данелия соя сұрпы

«ҚазЕжӨШҒЗИ» ЖШС Соя Ақмола Қостанай Ерте пісетін

Өндіруші:

«ҚазЕжӨШҒЗИ» ЖШС

Дақыл:

Соя

Аудандастыру өңірлері:

Ақмола, Қостанай

Пісіп-жетілу тобы:

Ерте пісетін
0  
Данелия соя сұрпы
Soybean-variety-danelya
Сұрыптың сипаттамасы
Сұрыптың сипаттамасы

Шығу тегі

"Данелия" соя сұрпы Казахстанская 2309/317-236-11 буданды популяциясын жекелей іріктеу әдісімен құрылған.

Сипаттамасы

"Данелия" соя сұрпы ерте піседі. Өсімдіктің биіктігі 61 см.

Апробациялық белгілер

Жапырақтың өлшемі орташа, орташа жасыл түсті, үшкір-жұмыртқа тәрізді, гүлі күлгін. Бұршақтары қара қоңыр түсті, орташа өлшемді. Тұқымдары сары, дөңгелек ұзартылған.

Данелия соя сұрпының өнімділігі

Ақмола облысы бойынша сұрып 2021 жылдан бастап Сандықтау астық жем және Көкшетау кешенді МСУ-де сыналды. Орташа өнімділік 4,6 ц/га құрады (стандарт 4,1 ц/га) 0,5 ц/га немесе 12,2% артық. Ең жоғары өнімділік 2021 жылы 5,7 ц/га құрады.

Қостанай облысы бойынша сұрып 2021 жылдан бастап Қостанай кешенді МСУ-де сыналды. Орташа өнімділік 24,9 ц/га құрады (стандарт 22,6 ц/га) 2,3 ц/га немесе 10,0% артық. Ең жоғары өнімділік 2022 жылы – 25,3 ц/га құрады.

Аурулар мен климаттық жағдайларға төзімділік

Данелия соя сұрпы жапырылуға - 5 балл, құрғақшылыққа - 5 балл, механикаландырылған жинауға - 5 балл төзімді.

Сапалық көрсеткіштер

1000 тұқымның салмағы 140,3 г, өсімдіктің биіктігі 61 см. 1 өсімдікте бұршақ саны 20 дана. Төменгі бұршақтарды бекіту биіктігі 11 см. Ақуыздың орташа мөлшері 43,1% (стандартты 40,4%), май 19,4% (стандартты 20,2%). Майдың гектардан шығымдылығы 415,4 кг (стандартта 392,6 кг). Ақуыздың гектардан шығымы 922,9 кг (стандарт бойынша 785,2 кг) 137,7 кг-ға немесе 17,5% - ға артады.

Өндіруші/өтініш беруші

"Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС.

Мекенжайы

040909, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ кенті, Ерлепесов көшесі 1,

Тел. +7 72771 53130, +7 7273883925,

e-mail: kshosagrootdel@mail.ru, kazniizr@mail.ru

Жүктелуде...
Біздің серіктестер