Антей сұлы сұрпы

А.И.Бараев атындағы АШҒӨО Овес яровой Овес Среднеспелый Ақмола Қостанай СКО

А.И.Бараев атындағы АШҒӨО

Өндіруші

Овес яровой

Дақыл

Среднеспелый

Пісіп-жетілу тобы

Ақмола

Аудандастыру өңірлері

Қостанай

Аудандастыру өңірлері

СКО

Аудандастыру өңірлері
0  
Антей сұлы сұрпы
Oats-variety-antey
Сұрыптың тегі F4 1199Н2 (Скакун х Eta).
Пісіп-жетілу тобы Орташа маусымдық
Вегетациялық кезең, күндер 80-109
1000 дәннің массасы, г 32,2-33,5
Өнімділік, ц/га 43,2
Аудандастыру аймақтары Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай.

Шығу тегі

"Антей" сұрпы F4 1199h2 гибридті популяциясынан (Скакун х Eta) жекелей-тұқымтоптық сұрыптау арқылы алынған.

Сипаттамасы

Орташа маусымдық сұрып, вегетациялық кезең (80-109) күн. Құрғақшылыққа төзімді, жапырылуға төзімділігі жоғары.

Апробациялық белгілер

Мутика түршесі. Мутика - түршесі. Тік өседі, сабағының іші қуыс, берік, қалыңдығы орташа. Өсімдіктердің биіктігі жыл жағдайына байланысты орташа және жоғары (70-110 см). Жоғарғы түйіннің орташа мамықтануы болады. Жапырағы жалпақ, қопсыту кезеңінде — жасыл, балауыз қонбасы әлсіз. Сіпсебас бұтақтарының бағыты екі жақты, бұтақтардың орналасуы жартылай көтерілген. Сіпсебасы жайылыңқы, ашық сары, сабақтары салбыраған, қылтанақсыз (жоғарғы бөлігіндегі қылқандылығы шамалы). Қылқандары қысқа, аз дамыған, жұқа, сәл майысқан, қоңыр реңкпен ашық түсті. Әлсіз балауыз қонбасына және әлсіз айқын көрінген нервациясына ие орташа ұзындықтағы масақты қабыршағы бар. Орташа мөлшердегі астық, ашық сары түсті, пленкаларда мықтап қоршалған, ұзартылған, харьков типіне келеді.

"Антей" сұлы сұрпының өнімділігі

Конкурстық сұрып сынақта жаңа сұрыптың орташа өнімділігі 43,2 ц/га құрады, бұл Скакун стандартынан 5,5 ц/га жоғары. Өндірістік сұрып сынақта оның стандарттан асып кетуі 3,9 ц/га құрады. Экологиялық сұрып сынақта Байзат сұрпының орташа өнімділігі "Қарағанды ӨСҒЗИ" ЖШС-де 19,9 ц/га құрады, бұл Мирный стандартынан 2,2 ц/га жоғары.

Аурулар мен климаттық жағдайларға төзімділігі

Бұл сұрыптың басты айырмашылығы сабаққа жасырынғыш зиянкестерге төзімді.

Сапалық көрсеткіштер

1000 дәннің салмағы - 32,2-33,5 г, ақуыздың мөлшері -14,4%, бұл стандарттан 0,8 жоғары.

Өндіруші/өтініш беруші

"А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы".

Мекенжайы

021601, Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Научный кенті, Бараев көшесі, 15,

тел. (8-716-31) 2-30-29, факс (8-716-31) 2-30-32,

e-mail: info@baraev.kz, tsenter-zerna@mail.ru

Жүктелуде...
Біздің серіктестер