Дақыл:
КартопCreated by CMS:
картофель универсальныйАудандастыру өңірлері:
Ақмола, ҚостанайПісіп-жетілу тобы:
Ерте пісетінӨндіруші:
HZPC IPR B.V.
"Зорба" картоп сұрпы - HZPC IPR B.V компаниясының голландиялық селекционерлері өсірген әмбебап сұрып.
Сипаттамасы
Зорба сұрпы- ерте пісетін, вегетациялық кезең 86 күн.
Апробациялық белгілер
Бұтағы тік, биік. Жапырағы үлкен, қою жасыл, әлсіз жылтыр. Жиектің толқындылығы әлсіз. Күлтесі орташа өлшемді, ақ түсті. Түйнектер ұзын, көзшелері кішкентай. Қабығы тегіс, түсі сары. Мәйегі ашық сары, кесу кезінде қараймайды.
Зорба картоп сұрпының өнімділігі
Ақмола облысы бойынша сынақ Сандықтау МСУ-де (І-қара топырақ) өтті. Орташа өнімділік 220 ц/га құрады.
Қостанай облысы бойынша өндірістік сынақ "Терра" ш/қ-да өтті, өнімділігі 437 ц/га құрады.
Аурулар мен климаттық жағдайларға төзімділік
Зорба картоп сұрпы өтініш берушінің айтуынша, түйнектердің қара мойнақпен зақымдалуына, түйнектердің фитофторозына жоғары төзімді. Сабақтардың фитофторозы мен сақиналы шіріктеріне жоғары төзімділікке ие.
Сапалық көрсеткіштер
Тауарлық түйнектің массасы 106 г. Тауарлылығы 97%. Дәм сарапшылық бағасы 4,0 балл. Құрғақ заттың мөлшері 28,6%, "С" дәрумені 10,8 мг/%, крахмал 21,4%.
Өндіруші/өтініш беруші
HZPC IPR B.V.
Мекенжайы
Edisonweg 58501 XG Joure ,
тел. +31 (0) 513 48 98 88,
e-mail: info@hzpc.com