Бурят тұқымы
Тұқымның атауыЖылқылар
Жануардың түріМініс-жегін
БағытыБурят жылқысын өте көне заманнан бері өсіреді. Бірнеше ғасырлар бойы бұл жылқылар моңғол тұқымының ықпалын қайта-қайта бастан кешірді, оның тараған аймағы Бурят АКСР шекарасынан тікелей оңтүстікке қарай басталады. Бурят жылқылары Сібірдің ең төмен бойлы жылқыларына жатады, бірақ шомбал дене бітімімен ерекшеленеді. Жергілікті биелерді Донның, орыстың ауыр жүк таситын, Орлов және орыстың желісті тұқымдарының тасып әкелінген айғырларымен будандастыру нәтижесінде Бурят АКСР көптеген шаруашылықтарында бойы ұзынырақ және ет-сүт өнімділігі жақсы, жетілдірілген жылқылар табындары пайда болды.
Жетілген биелердің қағыстары: шоқтықтағы биіктігі 141,6 см, көкірегінің қиғаш ұзындығы 146,9 см, кеуде шеңбері 170 см және тұсарының шеңбері 18,5 см. Бурят жылқыларының түсі құла, сұр, торы, жирен, алдыңғы аяқтарында айқын зеброидтылығы жиі болады.
Бурят жылқысы күшті түзілісімен ерекшеленеді және онда 40 және тіпті 50 градус аяз болатын Забайкальенің күрт континенттік климаты жағдайында жыл бойы жайылымдық күтімге жақсы бейімделген. Бұл жылқыларды шым-дәнді және түймешетенді далалар жайылымдарында табын әдісімен өсіреді. Өнімділік сипаты бойынша бурят жылқылары арнайы бағыты жоқ және мінетін, жегетін және ет-сүтті жануарлар ретінде қызмет етеді. Кішкентай бойлы және қысқа аяқты болғандықтан, олардың қадамы қысқа, бірақ қозғалыстары жиі. Ұзақ ара қашықтықтарға жүрген кездегі жылдамдығы қадаммен сағатына 5-6 км-ден, жортаңдағанда 11-14 км және шоқырақтап шапқанда сағатына 20 км-ден аспайды. Маусым-шілде айларында бурят биелерінен құлынның емген сүтін қоса алғанда, күніне орта есеппен 11 литр сүт (7,5 л-ден 14,2 л-ге дейін) сауып алады. Бурят жылқыларының салмағы 300 кг-нан 350 кг-ға дейін болады.
Американдық шетланд (American shetland), Ағылшын-араб жылқысы (Anglo-Arabic).