Скирос
Тұқымның атауыЖылқылар
Жануардың түріМініс-жегін
БағытыСкирос тұқымы өз есімін ежелгі дәуірден бастап пони өсірген Скирос аралының атауынан алған. Оның алғашқы сыртқы түрі — тарпанмен туыстық қатынасының салдары. Ол жыл бойы аралдың дөңдерінде жабайы өмір сүреді; мұнда жайылым өте жұтаң, ал понидің кішкентай болуы жеткіліксіз тамақтанумен негізделген болуы мүмкін. Үлкен пони өсіру әрекеттері сәтсіз аяқталды, өйткені алынған үлгілер қысқы аяздан аман шыға алмады. Сондықтан қазіргі тұқым бастапқы тұқымға қатты ұқсайы — ол осы ғасырлар ішінде айтарлықтай өзгерістерге ұшырамады. Бүгінгі күні бұл понилердің көпшілігі аралдан тыс жерлерде де өсіріледі және жақсартылған сипаттамаларға ие, әсіресе, аяқтарының орналасуы, дене бітімінің жинақылығы және басының әсемдігі.
Скиростың басы кішкентай, бет кескіні тік, маңдайы кең, құлақтары қысқа, көздері кішкентай, кең орналасқан. Мойны қысқа және жуан, денесіне әрдайым жақсы сәйкес келе бермейді. Арқасы айтарлықтай түзу, шоқтығы шығыңқы емес, арқа-бел сызығы қысқа және түзу, сауыры етті емес және көлбеу, құйрығы төмен орналасқан. Бауыры тым кең емес, кеудесі жазық емес. Аяқтары айтарлықтай жіңішке және ұзын: алдыңғы аяқтары анағұрлым мықтырақ, артқы аяқтарының шабыс буындары көбінесе сиырдікіндей тік болады. Тұяқтар өте берік, қара мүйізді. Бақайының буындарында үлпілдек шалалары бар. Биіктігі: 93-112 см
Түсі: көк, торы, қара торы және құлакер, алдыңғы аяқтарында қара белбеу мен зебра жолақтары жиі кездеседі.
Скирос - өте танымал пони, сенімді, жақсы мінезді. Олар жыл бойы еркін өмір сүрсе де, егін жинау кезеңінде оларды айдап әкеліп, бидайды қырманда ұнтақтау үшін 3-4 жылқыдан тұратын топтарға біріктіреді. Бұл өте ескі, маңызын жойған, бірақ тиімді ғұрып. Ауыл шаруашылығында тұқым негізінен теңдеп жүк арту үшін пайдаланылады; оның адымы өте тұрақты, ол өте төзімді. Аралдан тыс жерлерде ол мініс пониі ретінде қолданылады, оған тіпті балаларға да мінуге болады. Оның секіру қабілеті - орташа.
Бұл - дене бітімі мен пропорциясы қарапайым жылқыларға өте ұқсас, ең кішкентай грек пониі. Ең жақсы үлгілері фриздерде, барельефтерде немесе мүсіндерде бейнеленген Ежелгі Греция жылқыларының миниатюрасын еске түсіреді.