Фрайбергер
Тұқымның атауыЖылқылар
Жануардың түріМініс-жегін
БағытыФрайбергер жылқысының отаны Швейцария болып саналады, атап айтқанда елдің солтүстік-батысындағы Юра таулары. Тұқымды өсіру XIX ғасырда басталды, содан кейін елде индустриалды өркендеу басталды, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы күрт өсті, бұл үшін жұмыс күші, атап айтқанда күшті және төзімді жылқылар қажет болды. Фрайбергер тұқымының қалыптасуы бір ғасырға жуық уақытқа созылды. Жаңа тұқымды қалыптастыру үшін ағылшын-норман тұқымының іріктелген биелері мен ағылшын асыл тұқымды және араб тұқымдарының айғырлары будандастырылды. Фрайбергердің соңғы сыртқы мүсіні 1990 жылдарға дейін қалыптасты.
Бойы қысқа: 147-157 см, басы шағын, маңдайы кең және көздері үлкен, мойны әдемі иілген және бұлшықетті, жауырыны кере құлаш, кең кеуде және ұшасы тегіс. Аяқ бітімі сымбатты, қысқа қылшақтармен безендірілген, қатты тұяқтары мен мықты бұлшықеттері тауға өрмелеу үшін өте қолайлы. Торы түсі жиі, ал жирен түсі - сәл сирек кездеседі.
Фрайбергер жылқысы өте сабырлы және жуас мінезді. Швейцарияда фрайбергер тұқымы өте жоғары бағаланады. Жылқы ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында, армия әскерлерін тасымалдау үшін қолданылады.
Тори жылқысы (Торик) (Thorian).