Құстар
Жануардың түріЕтті
БағытыКорниш
Тұқымның атауыКорниш немесе корнуэль тұқымын өсіруді В. Гилберт Ұлыбританияда, Корнуэлл графтығында, XIX ғасырдың бірінші жартысында бастады. Бастапқы тұқымдар малай және ағылшынның төбелескіш тауықтары мен қызыл азиль болды. Бастапқыда бұл тұқым Үнді төбелескіш тауығы деп аталды, бірақ 1910 жылы аты өзгертіліп, құстар қайта аталды, өйткені бұл атау шындыққа қайшы келді. Бастапқыда тектері төмен көрсеткіштеріне байланысты танымал болмады. Бірақ тұрақты селекциялық жұмыстардың нәтижесінде ғалымдар нәтижелерді жақсарта алды және біртіндеп тұқым бүкіл әлемде танылды. Бұрынғы одақтың аумағына бқл тауық тектері 1959 жылы енгізілген.
Қауырсын жамылғысы тегіс, қатты, денесіне тығыс қабысқан. Мамығы аз. Қауырсынының ақ түсі негізгі түс болып саналады, бірақ қос жиегі бар қара, қос жиекті көк, қызыл түстері де кездеседі. Терісі сары. Құстардың басы үлкен, жалпақ. Айдары қызыл, бұршаққын тәрізді немесе жапырақ тәрізді. Тұмсығы мықты, сары. Көздері қызыл немесе қызғылт сары түсті, шұңғыл, қасүсті доғасы шығыңқы. Мойны қысқа, тұлғасы мықты, алдыңғы жағы көтеріңкі. Кеудесі үлкен, арқасы ұзын. Аяқтары орташа, мықты, алшақ орналасқан, сары түсті. Құйрығы кішкентай, сәл салбыраңқы. Ересек тауықтарының салмағы 2,75-3,25 кг, әтештерінікі 3,75-4,5 кг жетеді.
Корниш тұқымы тауықтарының төбелескіш, озбыр мінезді болғандықтан, олар қолға бармайды. Тауықтар 7-9 айынан бастап жұмыртқалай бастайды, жұмыртқалағыштығы шамамен 130-150 жұмыртқаны құрайды. Әрқайсысының салмағы 56-60 г, қабығының түсі ашық сарғыш немесе қоңыр. Өсімділік кезеңі 1,5 жылдан 3 жылға дейін. Корниш тауықтарының еті нәзік және дәмді.
Торға қамап ұстау әдісімен өндіріс алаңдарын пайдалану едәуір артады, санитарлық-гигиеналық мәліметтері артады, құсқа күтім жасау оңайырақ. Тауықтардың негізі тамақтану рационы – дәнді және бұршақ дақылдары. Корништарды тамақтандыру кезінде олардың семіздікке бейім екенін есте ұстаған жөн, бұл құстың өсімділігіне теріс әсер етуі мүмкін.
Лангшан (Langshan Chicken), Геркулес (Hercules chicken), Полтавалық сазды тауық (Poltava clay), Полтавалық шыт түсті (Poltava calico), Плимутрок (Plymouth Rock), Джерсий алыбы (The Jersey Giant).