Құстар
Жануардың түріЕтті
БағытыМамут
Тұқымның атауыТұқым даниялық ақ қаз бен Тулуза сұр қазын өсіру арқылы шығарылды. «Мамут» атауы осы түрдің маңызды сипаттамаларының бірі болып табылатын «үлкен» дегенді білдіреді. Құстар Данияда өсірілді. Олар посткеңестік елдердің аумағында ресми түрде тіркелмеген.
Мамут қазының бойында өнімділік пен сыртқы сипаттамалардың жақсы жиынтығы қалыптасқан. Түсі мен қауырсыны: тығыз ақ жамылғы түрінде. Салмағы: ұрғашылары – 8-10 кг, еркектері – 11-13 кг. Тұмсығы ашық сары, кейде қаралау реңкке бялған болуы мүмкін. Маңдайында томпағы жоқ. Көздері көгілдір немесе көк түсті, дөңгелек пішінді. Мойны ұзын, әдемі иілген, басы домалақ, орташа өлшемді. Табандары үлкен, қызғылт-сарғыш түсті. Денесі сопақша келген, үлкен.
Қаздар өмірдің 200-220 күнінде жұмыртқа сала бастайды. Жұмыртқалағыштығы жылына шамамен 50 жұмыртқаны құрайды, әрқайсысының салмағы 160-210 г болады. Балапандар 25-27-ші күні пайда болады, олардың аман қалу деңгейі жоғары – 85%, ерекше күтімді қажет етпейді және тез жетіледі. Құстар үшін суаттың жоқтығына төзу қиын. Үрғашы қаздардың аналық түйсігі әлсіз.
Мамут тұқымды қаздарды өсіру – бұл шаруа қожалықтары үшін пайдалы кәсіп. Күтімінде күй талғамайтын құстар тез салмақ қосады, қауырсынының жоғары сапасымен және етінің нәзіктігімен ерекшеленеді. Олар ірі құс фермалары мен жеке қосалқы шаруашылықтарға ұсынылады. Олар ерекше күтімді қажет етпейді, әртүрлі жағдайларға жақсы бейімделеді және жаңадан бастаған құс өсірушілер үшін қолайлы.
Қара ақтөс (Black white breasted), Черри-Велли (Сherry-velly). Бейжің тұқымы (Pekin duck).