Пинто (Pinto)

Пинто Жылқылар Мініс-жегін

Пинто

Тұқымның атауы

Жылқылар

Жануардың түрі

Мініс-жегін

Бағыты
0  
Пинто (Pinto)
horse-poroda-Pinto

Тарихы

Бұл атау Pintado деген испан сөзінен шыққан, "боялған" дегенді білдіреді. Бұл басым көпшілігінде басқаларынан алалығының бар болуымен ерекшеленетін испаннан шыққан, салт мінетін жылқылардың бірыңғай емес тобы. Ала жылқылардың шығу тегі туралы пікірталастар ғалымдар арасында бұрыннан бері жүргізілетінін және осы күнге дейін басылмағанын айта кету керек. Зерттеушілердің бір бөлігі бұл жануарлардың отаны Таяу Шығыс болып табылады деп жопамалдайды, өйткені мұндағы ала жылқылардың бейнелері біздің эрамызға дейінгі II мыңжылдықтың ортасымен белгіленеді. Басқалары олардың тамырларын Рим дәуірінің өзінде Еуропаға енгені секілді, Еуразия далаларынан іздеу керек деп айтады. Қалай болғанда да, Жаңа әлемде ала аттар XVI ғасырда пайда болады және олардың көп бөлігін бұл жерге испандықтар әкелген болатын. 1519 жылы Америкаға Эрнандо Кортес келді, ал егер Диаза дель Кастильоға сенсек, онымен бірге алғашқы ала жануарлар келді.

Тұқым стандарты

Пинто тұқымы Америкадағы барлық ала түсті жылқылар мен понилерді біріктіреді, сондықтан онда ешқандай қатаң мүсіндік шектеулер жоқ. Дегенмен, белгілі бір жіктеудің бар екені анық. Сыртқы түрі бойынша барлық пинто бірнеше түрге бөлінеді: 1) салт мінетін түрі (американдық салт мінетін және тенессий тұқымының ала өкілдері, хакне, шетланд пониі және т.б.); 2) аң аулайтын түрі (ала таза қанды салт мінетін жылқылар, валлий понилері және оларға мүсіні жағынан жақын басқа жануарлар); 3) серуендейтін түрі (арабтар мен моргандар); 4) "тұқымдық түрі", яғни пинтоға аса тән түрі (бұған, әрине, американдықтардың ең сүйікті тұқымдарының бірі – квартерхорс кірді). Сонымен қатар, барлық пинтолар жылқыларға (шоқтығында 142 см және одан жоғары), понилерге (шоқтығында 86-142 см), өте кішккентай жылқыларға (шоқтығында 86 см-ден төмен) және өте кішкентай Б (шоқтығында 86-96 см).бөлінеді. Әр түрдің тұрақты өткізілетін шоулар үшін өз стандарттары бар.

Шаруашылық сипаттамасы

Бүгінгі таңда ерекше түс түрі мен даңқының арқасында пинтоның танымалдығы жылдам артып келеді. Оларды киноға сүйсінушілікпен түсіреді, " кантри стиліндегі" жарыстарда оларға мініп өнер көрсетеді, туристер үшін жеке шаруашылықтар мен аттракциондарда пайдаланады. Пинтоны ипподромдарда, конкурда және бастықтыруда, циркте және ат шоуларында кездестіруге болады.

Ұқсас тұқымдар

Пиндос (Тесаль жылқысы) (Pindos).

1323783654_pinto6

Жүктелуде...
Біздің серіктестер