Шетленд пониі (Shetland pony)

Шетланд пониі Жылқылар Мініс-жегін

Шетланд пониі

Тұқымның атауы

Жылқылар

Жануардың түрі

Мініс-жегін

Бағыты
0  
Шетленд пониі (Shetland pony)
horse-poroda-Shetland-pony

Тарихы

Шетленд понилері – ежелгі жылқы тұқымдарының бірі. Палеолит дәуірінде Шотландияның солтүстік-шығысында Шетленд пониі типті жылқы табындары кездескен. Шетленд понилері кельт тұқымдас кішкентай британдық үй жылқыларынан пайда болған деп болжануда. Шетленд понилерінің кішкентай ергежейлі болуының себебі Шетленд аралдарының өте қолайсыз климаттық жағдайлары мен топырақ ерекшеліктерінің ықпалы болды, бұл ерекше төзімділік пен дене құрылысының мығымдылығымен үйлесетін шағын бойының табиғи сұрыпталуына әкелді. Сонымен қатар Шетленд аралдарының оқшаулануы да жергілікті пони тұқымының пайда болуына ықпал етті. Бастапқыда аралдардан тыс жерде Шетленд понилерінің маңызы болмады. Тек 19 ғасырдың ортасында Олардың Англия мен Шотландияда айтарлықтай таралуы орын алды. 19 ғасырға дейін Шетленд пониін өсіру тазалықта, бөгде қанның әсерінсіз жүргізілді. Шетленд понилерін балаларға мініс аты ретінде пайдалану олардың өлшемдерін арттырудың негізгі себептерінің бірі болды. 19 ғасырдың ортасында Мейнланд аралының оңтүстігінде және Сомберг түбегінде Шетленд понилерін норвегиялық фьорд айғырларымен будандастыру арқылы Сэмберг тұқымы құрылды. Шоқтығының биіктігі шамамен 130 см болатын бұл пони Шетланд пониінің ішіндегі ең үлкені болды. Шамамен осы уақытта Фитлар аралында бір асыл тұқымды араб айғыры мен «Боливар» тарпаң айғырынан бастау алатын фитлар ұрпағы өсірілді. Бұл тұқымның өкілдерінің биіктігі шамамен 120 см-ге жетеді, олар салыстырмалы түрде кербез, жүрдек, екпінді.

Тұқым стандарты

Маңдайы кең, басы пропорционалды кішкентай. Басының профилі алдыңғы жағынан түзу (шортан басты, дөңестұмсық түрлері кездеспейді). Құлақтары кішкентай, келіскен. Аузы кішкентай, жақсы пішінді. Танауы кең. Көздері үлкен, өткір («сауысқан көз» кездеспейді). Мойнының ұзындығы орташа, мойын түбі биік. Шоқтығы жақсы жетілген. Жауырыны едәуір ұзын, денесіне пропорционал, бұлшықетті, қиғаштау. Арқасы қысқа, түзу, ерекше бұлшықетті. Ұшасы қысқа, бұлшықетті. Сауыры салыстырмалы түрде ұзын, түзу. Кеуде қуысы кең, терең, қабырғасы тік. Алдыңғы аяқтары келіскен, еш кемшіліксіз, иық алды бұлшықетті, білезік сүйек буындары жақсы жетілген және тұсары құрғақ жалпақ. Артқы аяқтар дұрыс қалыптасқан (X - және O-тәрізді формалары кездесе қоймайды), тірсегі бұлшықетті, толарсақ буыны жақсы көрінеді, жақсы жетілген, табан сүйегі құрғақ жалпақ. Тұяқтарының формасы өте жинақы, мүйізді қабырғасы тығыз. Шоқтығының биіктігі: А класы (негізгі түрі) - 107 см-ге дейін.

В класы (асылдандырылған түрі) - 120 см-ге дейін.Шетленд пониінің жалы мен құйрығы үлпілдек. Жүні жазда қысқа, ал қыста қалың және ұзын. Таза тұқымды Шетленд понилерінің негізгі түсі – қара. Сонымен қатар, торы, жирен, сұр және тарғыл түстілері өсіріледі.

Шаруашылық сипаттамасы

Жануарлар кішкентай бойы мен ерекше төзімділігіне байланысты көмір және қорғасын шахталарында жерасты жұмыстарында кеңінен қолданылды. Өзінің қарапайымдылығының, мықты денсаулығының, жоғары жұмысқа қабілеттілігінің арқасында Шетленд понилері әлемнің көптеген елдерінде танымал болды.

Ұқсас тұқымдар

Сандалвуд пониі (Sandalwood Pony)

shetland pony

Жүктелуде...
Біздің серіктестер