Тушин
Тұқымның атауыЖылқылар
Жануардың түріМініс-жегін
БағытыКавказ тау жылқыларының ежелгі популяцияларының бірі. Біздің заманымыздың I-III ғасырларында Грузия аумағында өсірілген ежелгі грузин жылқыларынан шыққан. Ол таза және терск пен кабардин тұқымдарымен будандастыру арқылы өсіріледі. 1.01.1998 жылғы жағдай бойынша мал басы 3000-нан аспады. Селекциялық топ: айғырлар - 40 бас; биелер - 140 бас. Асылдандыру жұмыстары Грузия зооветеринарлық оқу-зерттеу институтының басшылығымен жүргізілуде.
Басы – жеңіл, кескіні – тік, кеудесі – терең, шоқтығының биіктігі – орташа , арқасы – түзу, белі – дөңес, сауыры – қысқа, түсіңкі, аяқтары – етсіз, берік. Өлшемдері: айғырлар – 136-140-155-17 см; биелер – 134-139-156-16, 9 см. Түсі – торы (85%), жирен-сұр, жирен, баран.
Тау жағдайында мал (қой, ешкі) бағу кезінде салт мінуге де, жүк теңдеуге де таптырмас жануар.