Венгр алыбы (Hungarian giant)

Құстар Етті-жұмыртқалы Венгр алып

Құстар

Жануардың түрі

Етті-жұмыртқалы

Бағыты

Венгр алып

Тұқымның атауы
0  
Венгр алыбы (Hungarian giant)
Chicken-poroda-Hungarian-giant

Тарихы

Тұқымның атауына сәйкес оны Венгр селекционерлері өсіргенін болжау қиын емес. Алыптар жергілікті Венгр тұқымдарын Орпингтондармен – етті және жұмыртқалы ағылшын тұқымымен ұзақ, көпжылдық будандастырудан кейін алынды. Өсіру кезінде селекционерлер тез өсетін және аязға төзімді тауықтарды алуды мақсат етті. Сыртқы түрі бойынша алыптар Мастер Грей тұқымына және Мадьярларға өте ұқсас.

Тұқым стандарты

Венгр алыптары тұқымның сипаттамасына сәйкес ірі денелі, ол қою қауырсындануы арқасында тіпті үлкен болып көрінеді. Осыған байланысты корпусының едәуір үлкен болғанына қарамастан, дененсінің пішіні дөңгелек болып көрінеді. Кеудесі мықты, толық, дөңгелек. Құйрық өлшемі орташа, тік қалпынан сәл артқа көлбеуленіп тұрады. Бұрымшалары орташа, дөңгелектенген. Тауықтардың құйрығы кішкентай, арқасына перпендикуляр. Қанаттары арқасына сәл бұрыштап орналасып, денесіне тығыз қабысып тұрады. Басы кішкентай, беті қызыл, қауырсынсыз. Кішкентай көздері қызыл немесе қызғылт-сары түсті. Тұмсығы ашық сары. Айдары әлсіз жетілген, айқын тісшелері жоқ, ал тауықтардікі одан да кішкентай. Сырғалықтары дөңгелек, ақшыл. Сырғалары дөңгелек пішінді, орташа өлшемді. Мойны ұзын. Алып жамбастары да қою қауырсынданған. Ал аяқтары жіңішке, қауырсынсыз, орташа ұзындықта. Венгр алыптарының өздеріне тән қоңыр-қызыл түсі бар, қанаттары және жотасының бойы күңгірттеу. Әтештердің құйрығы көбінесе қара болады. Әтештің салмағы: ауыр 3,6 кг-нан жоғары. Тауықтың салмағы: ауыр 3,6 кг-нан жоғары.

Шаруашылық сипаттамасы

Венгр алыбы тұқымының тауықтары ұстау жағдайларын таңдағыш емес. Оларды жылы қорада және қыста жылытылмаған бөлмеде ұстауға болады. Қалың қауырсындары оларға аяз бен ыстыққа оңай төзуге көмектеседі. Ең бастысы, қорада құрғақ төсеме болуы керек. Ылғалды ортада жұқпалы аурулардың көзі бола алатын микроорганизмдер көбейе бастайды. Сондықтан төсемені жиі ауыстырып тұру керек. Венгр алыптарының өте үлкен артықшылығы – тауықтардың жақсы сақталып қалған аналық түйсігі. Олар ұясын өздері салады, көбінесе оқшауланған жерлерде, соңғы балапан шыққанға дейін шыдамдылықпен басып жатады. Алып тауықтар – қамқор енелер, әдетте балапандарынан бірде-біреуін жоғалтпайды. Жұмыртқалағыштығы: орташа, жылына 150-200 дана. Жұмыртқа өлшемі: орташа 45-60 гр. Жұмыртқа сала бастауы: жылдам, 4-5 айында.

Ұқсас тұқымдар

Джерсий алыбы (The Jersey Giant), Нью-Гэмпшир (New Hampshire).

Жүктелуде...
Біздің серіктестер