Құстар
Жануардың түріЕтті-жұмыртқалы
БағытыВиштинес
Тұқымның атауыВиштинес қаздарының тұқымы КСРО кезеңіндегі Литвада экономикалық жағынан пайдалы қасиеттері жоғары жергілікті қаздарды іріктеу арқылы шығарылды. Содан кейін бұл қаздар Шығыс пруссиялық және Эмден қаздарымен, сондай-ақ померандық қаздармен будандастырылды. Бұрын Виштинес қаздары Литва КСР-де кең таралған. Қазіргі Литваның өнеркәсіптік шаруашылықтарында өнеркәсіптік маңызы бар Рейн қаздары мен итальяндық қаздар көбірек. Виштинес қаздары көбінесе Литва мен Эстонияның жеке аулаларында өсіріледі. Бұрын олар «Пыдрангу» кеңшарында және Эстонияның басқа шаруашылықтарында өсірілді.
Виштинес қаздарының тұлғасы кең және терең, көлденең орналасқан. Басы дөңгелек, орташа өлшемді, тұмсығы ашық сарғыш түсті. Мойны иілген, орташа ұзындықта. Кеудесі кең, шығыңқы. Қысқа сирақтары қызғылт сары түсті. Бұл қаздардың төс тұсында бір немесе екі тері қатпары бар. Қауырсыны ақ түсті.
Виштинес еркек қаздарының тірідей салмағы – 6,0-6,5 кг, Виштинес ұрғашы қаздарынікі – 5,5-6,0 кг. 60 күндік жас құстардың тірідей салмағы – 3,8-4,0 кг.
Жыныстық жетілу 9,5 айлық жасында болады. Ұрғашы қаздардың жұмыртқалағыштығы – 30-40 жұмыртқа, жұмыртқа массасы – 160-170 грамм. Жұмыртқалардың инкубациялық қасиеттері қанағаттанарлық. Қаз балапандарының шығуы – 60-65%. Виштинес тұқымының қаздары жақсы ет қасиеттерімен сипатталады. Ұшаның жеуге жарамды бөліктерінің шығымы 70-68%, ішкі май мөлшері 13-14% құрайды. Жас құстардың аман қалуы – 75%, ересек қаздардікі – 90-95%, аталған параметрлердің – ұшаның сапасы байланысты болатын қауырсынының және қанағаттанарлық өсіп-өну сапасына байланысты (жұмыртқалардың ұрықтануы мен сәйкесінше балапан шығуы - 80-82% және - 70-75%), бұл асыл тұқымды қаздар тобын тазалықта да, бройлер балапандарды өсіп-өндіру үшін ата-аналық топ ретінде де қолдануға болады. Генетикалық материал ретінде Виштинес қаздары құс институтының коллекциялық тобынында сақталады. Виштинес қаздары жібектей қасиеттері бар мамық сапасы үшін бағаланады. Виштинес қаздары жақсы балапан басады.
Краснозер қазы, Кубан қаздары (Geese Kuban), Владимир қаз тұқымы (Vladimir goose breed).