07 Сәуір, 2023 Жаңалықтар
0  

Қазақстанда жер бөлу тәртібі өзгереді

Минсельхоз Земля
Қазақстанда жер бөлу тәртібі өзгереді
Қазақстанда жер бөлу тәртібі өзгереді

Мемлекет басшысы 5 сәуірде жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша заңнамалық актілерге түзетулер енгізуге қол қойды. Заңда Республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскелерін электрондық форматта беру рәсімін оңайлату көзделген. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Заңнамаға енгізілген өзгерістер жер учаскелеріне құқық берудің қолданыстағы мерзімдерін 30 жұмыс күніне дейін өзгертуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, аталған қалаларда жер комиссиясының институты алынып тасталады, сондай-ақ бірқатар құжаттар қысқартылады (жер комиссиясының хаттамалық шешімі, жерге орналастыру жобасы).

Кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтердің жерлері үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді толық цифрландырғанға дейін жер учаскелерін берудің қолданыстағы тәртібі сақталады.

Бұдан басқа, заң мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда құжаттарды келісу барысына онлайн мониторинг енгізеді, сондай-ақ жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарын тіркеу бойынша композиттік қызмет енгізіледі.

Жер учаскелерін электрондық беру рәсімі ҚР цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі әзірлеген жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінің "Жария кадастрлық картасында" жер учаскесін таңдау арқылы жергілікті атқарушы органдардың геопорталдарында (Өңірлік геоақпараттық жүйелер) іске асырылатын болады. Жария кадастрлық карта Қазақстанның жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларының мәліметтерін және мемлекеттік органдардың өзге де мәліметтерін көрсететін болады.

Нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қажеттілігіне байланысты заң 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін болады.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
03 Қар 2026
ЕР
Ерлан
Уральск
Тауықтар Куры Несушки
10 000+
10 000+
Теңге қолма-қол
бас
2 800 тг
Сатып алу
28 Қаз 2026
МА
Маржан
-
Бидай 5 сын пщеница
Келісуге болады
Сату
12 Қаз 2026
АО Новгородское Зерновое Предприятие 28
АО Новгородское Зерновое Предприятие 28
Сарыагаш Казахстан
Жүгері Кукуруза зерно
Жүгері Бұршақ дәнділер
Жүгері Бұршақ дәнділер
ҚҚС-сыз теңге
тонна
81 950 тг
Сату
12 Қаз 2026
АО Новгородское Зерновое Предприятие 28
АО Новгородское Зерновое Предприятие 28
Сарыагаш Казахстан
Кебек Отруби пшеничные пушистые в мешках
ҚҚС-сыз теңге
тонна
52 875 тг
Сату
08 Қаз 2026
АО Новгородское Зерновое Предприятие 28
АО Новгородское Зерновое Предприятие 28
Сарыагаш Казахстан
Жүгері Кукуруза зерно DAP Сарыагаш KZ
Дәнді дақылдар үшін Жүгері
Дәнді дақылдар үшін Жүгері
Доллар
тонна
$ 210
Біздің серіктестер