Ағылшын-Араб
Тұқымның атауыЖылқылар
Жануардың түріМініс-жегін
БағытыТаза қанды араб жылқысына қарағанда анағұрлым көлемді, ағылшын-араб тұқымы араб жылқысының қанын таза қанды мініс жылқысымен араластыру арқылы шығарылды. Ағылшын-араб жылқысын ағылшын айғырын араб биесімен немесе керісінше алғашқы будандастырудан алуға болады. Мұндай жылқы таза қанды жылқы мен ағылшын-араб жылқысынан, араб және ағылшын-араб жылқысынан немесе екі ағылшын-араб жылқысынан туылуы мүмкін. Осындай әртүрлі орын ауыстырулардың нәтижесінде араб қанының мөлшері әртүрлі болуы мүмкін. Тиісінше, жылқының өлшемдері мен сыртқы түрі өзгеруі мүмкін. Ең ірісі көбінесе араб айғырлары мен таза қанды мініс биелерінен алынады, ал ең жақсы үлгілері араб жылқысының төзімділігі мен көнбістігін,таза қанды мініс биелерінің жылдамдығы мен аңғарымпаздығын алады және бұл ретте соңғысының қызу темпераментін мұра етпейді. Он тоғызыншы ғасырдың бірінші жартысының басынан бастап ағылшын-араб жылқыларының негізгі жеткізушісі Франция болды. Француздың ағылшын-араб жылқылары екі шығыстық айғырдан, Массудадан (араб) және Асламнан (кейбір мәліметтер бойынша түрік) бастау алады. Олар Сириядан әкелініп, Англиядан әкелінген үш таза қанды мініс биелері - Даэр, Комуса және Селимамен будандастырылды. Олардың үш қызы - Дельфин, Кловиса және Даная француздардың алғашқы спорттық жылқы тұқымының негізін қалаушылар болды.
Таза қанды мініс жылқысының сырт бітіміне жақындау: басы сүйкімді, пішіні тік, көздері айқын және құлақтары ойнамалы; мойны араб жылқыларына қарағанда ұзын және айқынырақ, шоқтығы анық; топшысы қиғаш; қысқа, күшті тұрқы таза қанды мініс жылқысына қарағанда анағұрлым үлкен, кеудесі терең,
сауыры біршама ұзын; аяқтары жақсы, мықты; тұяғы қатты, дұрыс пішінді. Биіктігі шамамен 160-170 см. Түсі әдетте жирен, торы немесе күрең болады.
Бір кездері ағылшын-араб жылқылары француз әскерінде, сондай-ақ әмбебап мініс аты және спорттық ат ретінде кеңінен қолданылған. Кейінде осы тұқымның негізінде заманауи спорттық тұқым - француз селлі шығарылды.