Темп үйрегі (Duck Temp)

Құстар Етті-жұмыртқалы Үйрек Темп

Құстар

Жануардың түрі

Етті-жұмыртқалы

Бағыты

Үйрек Темп

Тұқымның атауы
0  
Темп үйрегі (Duck Temp)
utka-poroda-Duck-Temp

Тарихы

Темп кросстарының отаны (немесе оларды Темп-1 бройлерлері деп те атайды) Беларуссия болды. Бұл тұқым Беларуссия аумағында, сондай-ақ Ресейде ең көп таралған. Темп үйрегі кросстарға жатады. Ол селекционерлердің жұмысы нәтижесінде алынды. Жаңа түрдің негізінде бір кездері "Черри-Веллиден" алынған Х-11 тұқымды үйректер жатыр. Селекционерлер Темп тұқымының үйректерін өсіргеннен кейін, олар үлкен және кіші фермаларда үлкен сұранысқа ие болатынын түсінді және дәл солай болды. Жоғары өнімді қасиеттерін, дәмді етін, аналықтарының жұмыртқа салғыштығын селекционерлер жоғары бағалайды.

Тұқым стандарты

Темп үйректері өте ірі, бірақ соған қарамастан олар денесінің пішіні мен құрылымына байланысты массивті болып көрінбейді – оның тұрқы жалпақ, жерге қатысты көлденең орналасқан. Ата үйрек пен ана үйрек арасындағы айырмашылық сыртқы белгілері бойынша байқалмайды, үйректердегі диморфизм айқын емес. Бұл тұқымның жеке дарақтарының басы кішкентай, ұзын икемді мойында орналасқан. Тұмсығы жалпақ, жазық, ашық сары. Айдары жоқ. Көздері кішкентай, қара немесе қою қоңыр. Қанаттары денесіне тығыз басылған. Кеудесі массивті, сәл алға шығыңқы, арқасы жалпақ. Қауырысыны мен терісі ақ түсті. Қауырсынының астында жылуды жақсы сақтайтын мамық бар. Ата үйректің ересек дарағының тірідей салмағы 7 кг. Ересек үйректің тірідей салмағы 6,5 кг.

Шаруашылық сипаттамасы

Темп үйректерінің басты артықшылықтарының бірі - олардың ерте жетілуі. Олар 6 айдан бастап жұмыртқа сала бастайды, сол кезде максималды салмағына жетеді және союға дайын болады. Бұл тұқымның көбею қабілеті де жоғары бағаланады – тіпті инкубатордың көмегінсіз-ақ үнемі жас үйректер болады және оларды жеке қосалқы шаруашылықта өсіріп қана қоймай, сатуға да шығаруға болады. Сонымен қатар, жұмыртқа салғыштығы жоғары - жылына 250 дана. Бұл да үйрек сату сияқты фермерлерге жақсы табыс әкеледі. Темп үйрегінің етін аспазшылар өте жоғары бағалайды, өйткені ол шырынды және аса майлы емес. Тұтастай алғанда, аз күш пен шығын жұмсай отырып, осы құсты өсіруге салған инвестицияны тез қайтарып алуға болады. Тұқымның кемшіліктеріне мыналар жатады: екі айға толғаннан кейін масса жинау үшін үйректер үш есе күшпен азық жей бастайды. Егер олардың бұл өсу кезеңі жазға келсе, бұл өте жақсы, бірақ қыста құрама жемге айтарлықтай көп қаражат кетеді. Темп тұқымының үйректері ұстау жағдайлары бойынша өте көнбіс болғанымен, олардың құс қорасы кең болуы керек. Егер үйректерге құс қора тар болса, төбелесу және өз қауырсындарын жұлу, жұмыртқаларын шұқып тастау қаупі бар. Құстарда табиғи су қоймасында серуендеуге мүмкіндік болса, өте оңды. Егер мұндай мүмкіндік болмаса, онда су процедуралары үшін кішкене ванна жабдықтауға болады. Үйректер – суда жүзетін құстар және олар үшін су өте маңызды.

Ұқсас тұқымдар

Благовар үйрегі (Blagovarskaya duck), Көгілдір фаворит (Blue favorite duck), Ст 5 үйрегі (ST-5)

Жүктелуде...
Біздің серіктестер