22 Сәуір, 2024 Жаңалықтар
0  

Алматы облысында рапс жапырақ жемірінің шабуылымен күресуде

Минсельхоз Фитосанитария Растениеводство
Алматы облысында рапс жапырақ жемірінің шабуылымен күресуде
Фотосуретті түсірген: ҚР АШМ

Алматы облысы Кеген ауданының Қарабұлақ, Жылысай, Ұзынағаш ауылдық округтерінде зиянкестердің таралу ошақтары анықталды. Зертханалық зерттеулерде бұл рапс жапырақ жемірі екендігі анықталды. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

"Рапс жапырақ жемірі крестгүлділер (қырыққабат) тұқымдасының жабайы өсімдіктерімен, сондай-ақ шалқанмен, тарнамен, қырыққабатен, шалғаммен, арпамен қоректенетін зиянды организмдерге жатады", - деп түсіндірді АШМ-де.

Рапс жапырақ жемірі өсімдіктер карантині бойынша іс-шаралар жүзеге асырылатын карантиндік объектілер мен бөгдетекті түрлердің тізбесіне кірмейді. Яғни, ауыл шаруашылығы өндірушілері фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шараларды өздері жүргізуге және саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды организмдердің таралуына жол бермеуге міндетті.

"Аумағында жапырақ жемірі дернәсілдері анықталған үш шаруашылықтың иелеріне фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу қажеттілігі туралы нұсқама жазылды. Аумақтық инспекция мамандары шаруа қожалықтарының иелеріне препараттарды қолдану бойынша ұсыныстар берді", - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінде.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта дернәсілдерді жою мақсатында трактор және қалталы бүріккіштерімен химиялық өңдеу жүргізіліп жатқаны хабарланды. 7,5 га өңделді, 600 га өңдеу жоспарлануда. Қорғау іс-шаралары аумақтық инспекциялар мен әкімдіктер тарапынан тікелей бақылау кезінде жүргізіледі.

Қажет болған жағдайда "Фитосанитария" РМК фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу үшін қосымша техниканы ұсыну бойынша көмек көрсетеді.

"Зиянкестердің дамуы арам шөптер мен жайылымдарда таралғанын атап өткен жөн, арамшөптерден басқа ешқандай зиян келтірілген жоқ. Бүгінгі күні зиянкестерді анықтау мақсатында Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы 204,46 мың га майлы дақылдар алқабында, оның ішінде Алматы облысы бойынша 2,120 мың га аумақта фитосанитариялық мониторинг жүргізуде", - деп хабарлады АШМ-де.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.
Біздің серіктестер