05 Ақпан, 2024 Мақалалар
0  

2024 жылы мемлекет фермерлер мен АӨК-ке қалай көмек көрсетіп жатыр?

Субсидирование животноводства КРС Животноводство АПК Субсидии в АПК
2024 жылы мемлекет фермерлер мен АӨК-ке қалай көмек көрсетіп жатыр?
2024 жылы мемлекет фермерлер мен АӨК-ке қалай көмек көрсетіп жатыр?

2023 жылдың қазан айында Президент агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау тәсілдерін қайта қарауды тапсырды. Мәселен, 2024 жылдан бастап Қазақстандағы ауыл шаруашылығы жаңа инвестициялық жобалардың, субсидиялау мен квоталарды жаңартудағы өзгерістердің арқасында мемлекеттен қосымша қолдау алуда. Толығырақ Baibolsyn.kz редакциясы жинақтаған ақпараттан оқыңыз.

Субсидиялаудағы өзгерістер

Ауыл шаруашылығы министрлігі қолданыстағы субсидиялау жүйесінің негізгі тармақтарын сақтай отырып, ережелерді нақты өзгертуді көздейтін мәмілелі нұсқаны әзірледі.

Мысалы, мал шаруашылығында асыл тұқымды мал басын сатып алу кезінде шошқа шаруашылығын қоспағанда, барлық қолданыстағы субсидиялау нормативтері өзгеріссіз қалды. Мегежіннің басын өтеу құны бұрынғы 140 мың теңгенің орнына бір басына 100 мың теңгеге дейін төмендеді.

Селекциялық-асыл тұқымды жұмыстағы субсидиялау да іс жүзінде өзгеріссіз қалды. Фермер өз қалауы бойынша көбеюдің үш тәсілінің кез-келгенін таңдай алады: жасанды ұрықтандыру, еркін ұрықтандыру, мамандандырылған жасанды ұрықтандыру құрылымдарының қызметтерін пайдалану. Сонымен қатар, бір өндірушіге жүктеме ғылыми нормаларға сәйкес келеді, яғни фермер өзінің қаржылық мүмкіндіктеріне қарай өндірушілерді бұрынғыдай 1:25 қатынасында емес, 1:20 және 1:30 арақатынасы арасында сатып ала алады.

Сыбайлас жемқорлық қауіптерінің жоғары болуына байланысты өндіруші бұқалар мен қошқарларды жалға беруді субсидиялау ғана жойылады.

Сондай-ақ, тегі асыл тұқымды импортталған ірі қара малдың аналығын сатып алу бағыты орынсыз болғандықтан алынып тасталды — импортталған аналық мал басын сатып алумен қайталанады.

Тауарлық субсидиялар бұрынғыдай жалпы сипаттағы трансферттер есебінен өзгеріссіз қалады. Бұл ретте, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жатпайтындықтан, күркетауық еті мен суда жүзетін құсты субсидиялау жойылды.

Жұмыртқа шаруашылығы бойынша жұмыртқа үшін 3 теңге субсидия нормативімен тағамдық жұмыртқа өндірісін субсидиялау алынып тасталды.

Сондай-ақ асыл тұқымды малды импорттау кезінде екінші деңгейдегі банктегі қаржы институтының арнайы шотына субсидиялар аудару жөніндегі норма жойылады.

Бұқашалар мен қойларды бордақылауға және ет комбинаттарына тапсыру бойынша субсидиялау нормативтері өзгеріссіз қалды. Бұл орайда малды өзінің бордақылау алаңдарына ауыстыратын шаруашылықтар үшін орын ауыстыру нормасы жойылады.

Жем-шөпті субсидиялау бойынша субсидиялар алудың нормативтері мен критерийлері ТЖ немесе ауа райының қалыптан тыс жағдайлары туындаған кезде ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негізінде әкімдіктердің қаулысымен бекітіледі.

Жалпы ауылшаруашылық санағы

2024 жылдың тамызында ауылшаруашылық санағы пилоттық режимде басталады. Жоба ауыл шаруашылығы жағдайының толық және объективті бейнесін алу үшін басталған. Сенімді деректерсіз саланың дамуын сапалы түрде жоспарлау өте қиын. Қалалар мен ауылдардағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, шаруа, фермер, жеке қосалқы шаруашылықтардың, сондай-ақ бау-бақша және саяжай кооперативтерінің толық санағы 2025 жылы өткізіледі.

Халық санағын жүргізудегі сияқты заңды тұлғалар мен жеке қосалқы шаруашылықтардың иелеріне арнайы web-порталда санақ сауалнамаларын толтыру ұсынылады. Сауалнамадан өтпеген қалған респонденттер бойынша деректерді жинауды, планшеттерді пайдалана отырып, интервьюерлер жүзеге асырады. Санақта "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру" АЖ–ның әкімшілік деректерін, жер бойынша – жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрын (БМЖК), ауыл шаруашылығы техникасы бойынша – "Ауыл шаруашылығы техникасының мемлекеттік тіркелімі" АЖ-ны (МБЖК), субсидиялау бойынша - "Субсидиялау жөніндегі бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйе" АЖ-ны (БМЖК) пайдалану жоспарлануда.

Бұқашаларға бөлінетін квоталар

2024 жылдың 1 ақпанынан бастап ауыл шаруашылығы министрлігінің Қазақстаннан бұқашаларды әкетуге бөлінетін квоталардың көлемі, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуге квоталар көлемі туралы бұйрығы күшіне енеді. Норма алты ай бойы жарамды болады. Квоталар толық таусылғанға дейін бөлінеді.

Фотосуретті түсірген: eldala.kz
Фотосуретті түсірген: eldala.kz

12 айдан асқан бұқашаларды әкету үшін сандық лимит 60 мың басты құрайды, оның ішінде:

  • бордақылау алаңдарына – 30 мың бас;
  • тауар өндірушілеріне – 30 мың бас.

6 айдан асқан қойларды әкетуге арналған сандық лимит - 120 мың бас, оның ішінде:

  • бордақылау алаңдарына – 30 мың бас;
  • тауар өндірушілеріне – 90 тмың бас.

Бір бордақылау алаңынан 12 айдан асқан 4000-ға дейін бұқашаларды, ал бір тауар өндірушіге жиынтық мөлшерде 500 басқа дейін әкетуге рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, бір бордақылау алаңынан 6 айдан асқан 1000 қойға дейін, ал бір тауар өндірушіге – 500 басқа дейін экспорттауға болады.

Барлық квоталар "Е-лицензиялау" порталында бөлінеді: квота "Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия алған кезде автоматты түрде беріледі.

Жаңа сүт фермаларының құрылысы

2024 жылы бүкіл республика бойынша 65 сүт объектісін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл қатарға жаңалары да, сондай-ақ жұмыс істеп жатқан сүт-тауарлы фермалары да кіреді.

Үкіметтің мәліметінше, барлық кәсіпорындар 10 жыл мерзімге 2,5% жеңілдікті қарыз алу мүмкіндігімен инвестициялық жобалар пулына кірді. Ол үшін 2023 жылы мемлекет 100 млрд теңге бөлді.

Бұған дейін ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков сүт фермаларын салу жөніндегі жобаға қатысушы 11 өңірде ӘКК арқылы жобаларға жеңілдікпен несие беру үшін қаражат бағытталғанын айтқан болатын.

Фотосуретті түсірген: eldala.kz
Фотосуретті түсірген: eldala.kz

Суару жүйелерін қайта құру

Бүгінде Қазақстанда 14 мың шақырымнан астам суару жүйесі тозған күйде болып отыр. Осыған байланысты тасымалдау кезінде судың 40%-дан астамы жоғалады. Сондықтан, 2024 жылы суару жүйелерін кешенді қайта құру жобасын іске асыру басталады. Су және ирригация министрлігі үш кезеңде жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Бірінші кезеңде, 2024-2025 жылдары 3,5 мың км арнаны жаңарту жоспарлануда. Бұл жыл сайынғы су шығынын 0,5 текше километрге қысқартуға мүмкіндік береді.

Қазір елдің суару жүйелерінің жалпы ұзындығы 35 мың км-ден асады. Оның 20,6 мың км республиканың меншігінде, 14,7 мың км – коммуналдық меншікте және 0,5 мың км – жеке меншікте. Жобаны іске асыру су қорын 3,7 текше километрге ұлғайтуды және суармалы жерлердің ауданын 2,2 млн гектарға дейін кеңейтуді көздейді. Осының арқасында суармалы судың жоғалуы азаяды және 2030 жылға қарай оның көлемі 3 текше километрге артады.

Биылғы жылы мемлекет ауыл шаруашылығы жерлерін суару, құс фабрикаларын, көкөніс қоймаларын, жеміс қоймаларын салу, сондай-ақ етті мал шаруашылығы бойынша жобаларды қаржыландыратын болады. Министрлік 2024 жылға жоспарланған барлық жобаларды 2025 жылға жылжытпай, пайдалануға беруге бекем бел буып отыр.

© Шолпан Шамшит, baibolsyn.kz, 2024 ж.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.
Біздің серіктестер