08 Ақпан, 2024 Мақалалар
0  

Сарапшы Арсен Исламовтан: Етті мал шаруашылығындағы табыстың құрамдас бөліктері

Болезни КРС EL BAYLYGY КРС Животноводство Ветеринария Арсен Исламов
Сарапшы Арсен Исламовтан: Етті мал шаруашылығындағы табыстың құрамдас бөліктері
Сарапшы Арсен Исламовтан: Етті мал шаруашылығындағы табыстың құрамдас бөліктері

Тиімділігі мен тұрақтылығы шешуші рөл атқаратын заманауи ауыл шаруашылығындағы етті мал шаруашылығы жоғары сапалы ет өндірісінің маңызды құрамдас бөлігіне айналады. Бұл кешенді процесс табысқа жетудің ажырамас бөлігі болып саналатын бірнеше маңызды аспектілерді қамтиды.

Біздің шолуда біз үш негізгі компонентті қарастырамыз: мал басын қалыптастыру, азықтандыру және ветеринария. Осы саладағы кәсіби тәжірибесімен сарапшы-практик Арсен Исламов бөліседі. Ол 2016 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысында ірі қара мал өсірумен айналысады.

Етті мал шаруашылығында мал басын қалыптастыру

Мал шаруашылығы әлемінде мал басын қалыптастырудың дұрыс стратегиялары шешуші рөл атқарады. Жаңадан бастаған фермерлер, көбінесе, өз бизнестерін бастауға ұмтылып, алғашында асыл тұқымды малға тоқталады.

«Алайда, тәжірибе көрсеткендей, тұқымсыз мал істі жаңадан бастағанда ең жақсы таңдау болуы мүмкін. Бағасы анағұрлым қолжетімді тұқымсыз малдан бастап, тәжірибе жинаған дұрысырақ болады. Бұл жануарларды дұрыс басқарса, тәжірибе жинауда үлкен мүмкіндікке айналады. Кейін асыл тұқымды бұқаларды енгізу арқылы табынның сипаттамаларын жақсартуға болады», - дейді Арсен Исламов.

Мал шаруашылығындағы табыстың негізгі факторлары — жануарлар, азықтандыру және кадрлар. Сиырларды таңдағанда олардың функционалдығы мен аумақтың жағдайларына ерекше назар аудару қажет. Арық мал шөбі аз жайылымдарда өзін жақсы көрсетеді, ал ірілері үшін сәйкесінше құнарлы аймақтар қолайлы. Сиырлардың сыртқы түрі де маңызды, өйткені малдың денсаулығы, көбінесе, олардың сыртқы түріне байланысты болады.

Фотосуретті түсірген: eldala.kz
Фотосуретті түсірген: eldala.kz

Бұқаны таңдау да табынды қалыптастырудағы маңызды қадам болып табылады. Аталық безінің мөлшері мен тұяқтарының орналасуы оның репродуктивті қабілетін және жайылымдағы жайлылығын анықтайды. Спермограмманы жүргізу сперматозоидтардың қозғалғыштығын бағалауға мүмкіндік беретін шешуші қадам болып саналады. Бұқаны таңдағанда, АҚШ, Канада, Бразилия және Аргентина сияқты әртүрлі елдердің каталогтарын зерттеу ұсынылады.

Бұл тәсіл сіздің шаруашылығыңызға қажетті малды таңдауға көмектесіп, кеңінен түсінік береді. Қазақстанда жоғары сапалы бұқалардың болмауына қарамастан, ойыңызда идеалды үлгісін алдын ала қалыптастыру таңдауды айтарлықтай жеңілдетеді.

«Норматив бойынша бір бұқаға 20-25 сиыр болған дұрыс, бірақ біз қатаң нормативтерді қолданамыз — бір бұқаға 15 бас. Бұқаларды әр 5-7 күн сайын ауыстырып отыру, оларды бір-бірімен алдын-ала таныстыру жұмыстың үйлесімді болуын және сиырлардың сенімді түрде буаздылығын қамтамасыз етеді. Өз бизнесіңізді тек ағымдағы ғана емес, сонымен қатар сіздің шаруашылығыңыздың перспективалық қажеттіліктерін ескере отырып, малды дұрыс таңдау арқылы бастаңыз», — деп кеңес береді Арсен Исламов.

Мал басын қалыптастыру кезінде асыл тұқымды жануарларды сатып алғанда көрсетілетін мемлекеттік қолдау туралы ұмытпаңыз. Мұнда мал басына 150 мың теңге көлеміндегі субсидияларға назар аудару қажет. Бұл жағдайда ережелерді мұқият зерттеп, барлық қажетті құжаттарды дайындау қажет.

Етті мал шаруашылығындағы азықтандыру

Табысты етті мал шаруашылығының екінші маңызды құрамдас бөлігі тиімді азықтандыру жүйесі болып табылады. Қыста аналық малды ұстауды жоспарлау кезінде азықтандыру стратегиясы жануарларды күтудің негізгі элементіне айналады.

«Мұндағы ұсыныс ұзақ уақыт бойы тұрақты және бірыңғай рационды құру болып табылады. Адамнан айырмашылығы, сиыр аса бір азық таңдамайды, сондықтан жемді алдын-ала араластырып, қыс мезгілінде бірыңғай рационды сақтау сиырдың ішіндегі бактериялардың оңтайлы жұмысын қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде қалыпты ас қорытуды қалыптастырады, бұзылулардың алдын алады және шөп пен сабаннан қоректік заттардың максималды сіңуін қамтамасыз етеді», — дейді сарапшы Арсен Исламов.

Рациондағы кез-келген өзгеріс малдың әл-ауқатына теріс әсер етуі мүмкін, одан кейін ішек микрофлорасын жаңа тағамға бейімдеу үшін 3-тен 10 күнге дейін қажет болады. Сабан сияқты ұсақталған жемді сүрлеммен бірге пайдалану шөп пен сүрлемнің көлемін үнемдей отырып, оларды рационда тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл сонымен қатар сабанның төмен құнын сақтай отырып, шығындарды азайтады.

Жануарлардың жемге деген жалпы қажеттілігі олардың құрғақ заттағы салмағының шамамен 3% құрайды. Мысалы, салмағы шамамен 500 килограмм болатын сиыр күні бойы құрғақ заттан шамамен 15 килограмм жем алуы керек. Рационды есептеу кезінде сүрлем мен шөптің ылғалдылығын 40-50% шамасында, сондай-ақ концентрацияланған жемнің ылғалдылығын 14-тен 18%-ға дейін болуын ескеру қажет.

Қыста буаз сиыр үшін 4 кг концентрацияланған жем, 10 кг дәнді шөп және 10 кг сабан кіретін рацион оңтайлы болып табылады. Шөп пен сабанды ұнтақтау, оларды концентраттармен араластыру суық мезгілде жануарларды ұстау үшін оңтайлы жағдайларды қамтамасыз етеді.

Бұзауларды өмірінің бірінші күнінен бастап азықтандыру негізгі аспект болып табылады. Сұлы, бейтарап жем ретінде, артық азықтанудың алдын алу үшін қолданылады. Ұсақталған сабан мен бор минералын қосымша енгізу қаңқаның дамуы үшін қажетті элементтерді қамтиды және бұзауларғдың жақсы салмақ қосуына септігін тигізеді. Жайылымда бұзауларды концентраттармен азықтандыру салмақ қосылуына ықпал етеді және анасынан бөліну кезіндегі күйзелісті азайтады.

Етті мал шаруашылығындағы ветеринария

Табысты етті мал шаруашылығының үшінші ажырамас элементі – білікті ветеринарлық қолдау. Ауруларды болдырмауда алдын алу шаралары мен вакцинация маңызды рөл атқарады. Вакцинация бұзаудың енесінен басталатынын ескеру маңызды. Бұзау алғашқы ему кезінде алатын уыз сүті арқылы бастапқы иммунитет беріледі. Бұл иммунитет бұзау өзінің иммунитетін қалыптастыра бастағанға дейін әрекет етеді.

Вирустық диареяға, парагриппке, ринотрахеитке және ринопневмонияға қарсы вакцинация Қазақстанда кең таралған аурулардың кең спектрінен қорғауды қамтамасыз етеді.

Фотосуретті түсірген: eldala.kz
Фотосуретті түсірген: eldala.kz

Вакцинациядан өткен дені сау бұзау бордақылау алаңына өткізген кезде вакцинацияға кеткен шығындардың орнын толтыра отырып, көбірек табыс әкеледі. Заңнамада қарастырылған барлық талдаулар болуы керек. Міндетті талдаулардың ішінде төмендегі ауруларға баса назар аударған жөн:

  • лейкоз;
  • бруцеллез;
  • туберкулез;
  • инфекциялық ринотрахеит;
  • вирустық диарея.

Талдаулардан бөлек, көзден, мұрыннан және малдың жыныстық органдарынан байқалатын бөлінулерге назар аударған дұрыс. Бұл көрсеткіштер оның денсаулығы немесе белгілі бір мәселелердің болуын көрсету мүмкін.

«Мүмкіндігінше, малдың тыныс алуына назар аударыңыз және тыңдаңыз. Тыныс алу кезіндегі сырыл аурудың болуын көрсетуі мүмкін. Кейбір фермерлер тіпті жануарлардың тынысын иіскеу тәсілін қолданады: егер шөптің иісі шықса, денсаулығы жақсы, ал жағымсыз иістер проблемалар туралы айтуы мүмкін", - дейді Арсен Исламов.

Ұзақ жайылым маусымы, оңтайландырылған жем-шөп шығындары және уақытылы вакцинация сізге артық шығындардан аулақ болуға және бордақылау алаңында бұзаулардың денінің сау болуын қамтамасыз етуге көмектеседі.

Фермада жануарлармен тікелей жұмыс істейтін малшы шешуші рөл атқарады. Оның тәжірибесі мен аурудың алғашқы белгілерін анықтай алуы проблемаларды ерте анықтауға және тиімді емдеуді қамтамасыз етуде өте маңызды. Ауруларды ерте анықтау олармен күресуді айтарлықтай жеңілдетеді.

Сарапшы дұрыс әрі табысты ферма құру үшін тек қана өзіңнің біліміңе емес, қызметкерлердің білім алуына да инвестиция салу керек деп санайды.

Осы аспектілердің барлығы табынды қалыптастыру, ұтымды азықтандыру және білікті ветеринариялық қолдау ажырамас бөлігі болып саналатын, өндірісті жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті етпен қамтамасыз ете алатын табысты етті мал шаруашылығының негізін құрайды.

Сарапшының басқа да кеңестері мен ұсыныстарын BaiBolsyn платформасындағы фермерлерге арналған EL BAYLYGY | БОГАТСТВО НАЦИИ оқыту курсының дәрістерінен таба аласыздар.

Телеграмда курс тыңдаушыларының қатарына қосылыңыз. 300-ден астам қатысушы мен курстың дәріскерлері осында: https://t.me/baylygy

Мұнда сіз өзіңізді қызықтыратын тақырып бойынша дәріскерлерге сұрақтар қоя аласыз.

Курсты телефоннан, жылдам көруге жасанды интеллект негізіндегі жасалған телеграм-бот көмектеседі. Бұл сіздің кез келген жерде қалтаңыздан табылатын курс және жеке көмекшіңіз: https://t.me/ELBAYLYGYBOT

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.
Біздің серіктестер