Сүзгілерге жазылу

нұсқаулары
0  
Сүзгілерге жазылу

BAIBOLSYN.KZ сервисінде біз бірегей сүзгілерге жазылу мүмкіндігін ұсынамыз. Бұл Сіздің қалауыңызға сәйкес келетін жаңа тауарлар туралы хабарлама алуға мүмкіндік береді.

Жүйе бұл хабарландыруларды автоматты түрде біздің Telegram чат-ботымызға жіберіп, Сізге уақтылы ақпаратты қамтамасыз етеді және маркетплейстегі жаңалықтардан хабардар болуға көмектеседі.

Telegram чат-ботына жазылу

Телеграм ботқа сәтті жазылу үшін сайтта тіркелген телефон нөмірі Telegram телефон нөмірімен сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.

Чат-ботқа жазылу үшін:

Біздің Telegram чат-ботына өтіп, "Бастау" батырмасын басыңыз.

Әрі қарай "Нөмірмен бөлісу" батырмасын басу арқылы байланыс дерегіңізді жіберу арқылы ботта авторизациядан өтуіңіз керек

Одан әрі Сіз "Рахмет, Сіздің нөміріңіз сайттағы есептік жазбамен байланысты" хабарламасын көресіз.

Осыдан кейін Сіз сіздің қызығушылықтарыңызға сәйкес келетін сүзгілерге жазыла аласыз.

Егер Сізде Telegram чат-ботына жазылу кезінде қиындықтар туындаса, бізге жазыңыз.

Сүзгіге жазылу

Telegram чат-ботына сәтті жазылғаннан кейін Сіз Telegram-да сүзгілеріңізге сәйкес келетін жаңа тауарлар туралы хабарлама ала аласыз, бұл үшін:

  1. "Нарық" бетіне өтіңіз.
  2. Сіздің қызығушылықтарыңызға сәйкес келетін тауарларды сүзгіден өткізіңіз.
  3. Содан кейін "Хабарлау" батырмасын басыңыз.

Батырма сұр түске боялса, бұл Сіздің сүзгіге сәтті жазылғаңызды білдіреді.

"Хабарлау" батырмасы
"Хабарлау" батырмасы

Сүзгіден бас тарту

Сүзгіден бас тарту үшін:

  1. "Менің жазылымдарым" бетіне өтіңіз.
  2. Жазылымнан бас тарту керек жазылымды таңдаңыз.
  3. "Сүзгіні жою" батырмасын басыңыз.
"Сүзгіні жою" батырмасы
"Сүзгіні жою" батырмасы

Егер Сіз кейбір кезеңдерде қиындықтарға тап болсаңыз, бізге жазыңыз.

Жүктелуде...
Біздің серіктестер